Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

     

      «Агробизнесс 2020» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан екінші деңгейлі банктермен кредиттік сыйақының тиімді мөлшерлемесімен  техниканы субсидиялау жолдары арқылы сыйақыны субсидиялау мөлшері Ауыл шаруашылығы министрі бекіткен субсидиялау қағидасына сәйкес мемлекет тарапынан 10-пайызын субсидиялау жеңілдіктері күшіне еніп, қазіргі таңда осы бағдарламаға шаруашылықтар тарапынан өтінімдер қабылдану барысында.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін:

       «КазАгроКаржы» АҚ-ы арқылы лизингке алынған техникалар кіреді, бұдан бөлек екінші деңгейлі банктер арқылы алынған жағдайда техникалардың сыйақы мөлшері 17 пайыздан аспау керек.

Бағдарламада жаңа, бұрын пайдаланбаған техникалардың сыйақы мөлшерлемесі субсидияланды.

Мысалға «КазАгроҚаржы» компаниясында техника алу барысы келесідей.

      Өздігінен жүретін техникалар бастапқы құнының 15 пайызы төленіп 7 жылға беріледі, тіркемелі техникалар 25 пайызбен 5 жылға беріледі. Техниканың өзі кепіл ретінде тіркеледі.  Негізгі төлем жылына бір рет, техника алушының өзінің ыңғайына қарай төлем мерзімін рәсімдейді, мысалға МТЗ 82.1 тракторын 6,7 млн. теңгеге алса оның алғашқы төлем 15 пайызы алынып тасталып, негізгі сомма 7 жылға бөлінеді (жылына орташа 800 мың).

Сонымен қатар, Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту үшін, жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 48 Бұйрығымен бекітілген «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

      Аталған инвестициялық субсидиялаудың негізігі мақсаты капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен агроөнеркәсіптің басымды бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде  жұмыс істеп тұрған агроөнеркәсіптік кешендерді қажетті жабдықпен техникамен жарақтандыру, өндірістік қуатын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Аталған бағдарламаға қатысуға диқаншылық немесе мал шаруашылығын дамытып отырған шаруашылықтар өздерінің қаражаттарына немесе лизингке алған жағдайда қатыса алады.

Диқаншылық бағытында жұмыс жүргізетін шаруашылықтар үшін өзінің қаражатына алынған өздігінен жүретін техниканың 25 пайызы қайтарылады. Бұл бағыт бойынша өз қаржысына алынған  өздігінен жүретін техникалардың 25 пайызы қайтарылады және тіркемелі техникаларының 25 пайызы қайтарылады.