Жиі қойылатын сұрақтар
ҚР Жер кодексіне (49-бап) сәйкес мемлекет жер учаскесін жеке меншікке сатқан кезде төлемді бөліп төлеу он жылға дейінгі мерзімге берілуі мүмкін.
Жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігін жергілікті атқарушы орган (әкімдік) ҚР Жер кодексінің 51-бабының және ҚР АШМ №310 бұйрығымен бекітілген Қағидалардың негізінде айқындайды, оған сәйкес егер учаске бөлінгеннен кейін оның бөліктері нысаналы мақсатын сақтай отырып және барлық құрылыс, санитариялық және өртке қарсы нормаларды сақтай отырып, дербес объектілер құратын болса, учаске бөлінетін болып танылады
Жер учаскесіне кезекке қою бойынша мемлекеттік қызмет (ЖТҚ бойынша 10 ст) 15 минут ішінде көрсетіледі. Қызмет eGov.kz немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы электрондық форматта тегін көрсетіледі. Өтінім беру үшін авторизациялау, "Жер қатынастары" бөлімінде тиісті қызметті таңдау және оған ЭЦҚ көмегімен қол қою жеткілікті.
Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) есепке тұру мүмкін емес — жердің болмауына байланысты Министрлікпен бұғатталған. Қалған елді мекендерде қызмет алу мүмкіндігі бар.
Қазақстанда жер учаскелерін жеке меншікке (біржолғы немесе бөліп-бөліп арқылы) сату жөніндегі мемлекеттік қызмет электрондық түрде egov.kz (портал арқылы) көрсетіледі немесе қағаз нысанда (көрсетілетін қызметті беруші/ХҚКО арқылы). Қызмет жеке басын және кадастрлық құнын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде тегін ұсынылады
Қағидаға сәйкес 5 жұмыс күн. Қызмет көрсету нысаны электронды.
"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін алу үшін келесі құжаттар топтамасын ұсыну қажет:
Сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен (ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы белгіленген үлгідегі өтініш.
Іздестіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған ауданның немесе нақты учаскенің жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі. 10 жұмыс күні.Қызмет көрсету нысаны электронды.
Қағидаға сәйкес15 жұмыс күн. Қызмет көрсету нысаны электронды.
Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту пайдаланудың жаңа мақсаты бекітілген Бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына (ПДП) немесе құрылыс нормаларына қайшы келген жағдайларда мүмкін болады. Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың бұзылуы, қажетті инженерлік желілерге қосылудың техникалық мүмкіндігінің болмауы, құжаттарда дұрыс емес мәліметтер беру немесе ерекше мәртебедегі жерлерге (ауыл шаруашылығы, орман немесе су қоры) тағайындауды ауыстыруға заңнамалық тыйым салудың болуы негіз бола алады. Бас тартуды мемлекеттік орган заңнаманың нақты нормаларына тікелей сілтеме жасай отырып ресми негіздеуге тиіс.
Қағидаға сәйкес 4 жұмыс күні. Қызмет көрсету нысаны электронды.
"Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 ж. №301 бұйрығына сәйкес келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: 1. "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту 2. "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру". 3. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу". 4. "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру". 5. "Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісім беру". 6. "Жеке меншіктегі жер учаскесін (біржолғы төлеу немесе бөліп төлеу арқылы) сату". 7. "Жер учаскесін алуға кезекке қою". 8. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау".