Электр жүйесін дамыту

Электр жүйесін дамыту

Сыртқы жарықтандыру

Сыртқы жарықтандыру мәселесі әкімдіктің ерекше бақылауында тұр.

 

Жаңғырту

МЖӘ шарты аясында 2023 жылдың соңына дейін 44 000-нан астам ескі шамдарды жаңа энергия үнемдейтін LED шамдарға ауыстыру жоспарлануда.

Мәселен, 2019-2020 жылдары қаланың 14 магистралды көшелері бойынша 11 161 шам ауыстырылды, бұл қалалық шамдардың жалпы санының 8%-ын құрайды. Бұл шамдарды ауыстыру жыл сайын электр энергиясының 20% үнемдейді.

2023 жылдың соңына дейін тағы 33 145 LED шам орнату жоспарланған.

 

Ағымдағы жөндеу

Әкімнің тапсырмасы бойынша "Шетсіз қала" тұжырымдамасы аясында 2020 жылы 1 423 көше толығымен жарықтандырылды.

2021 жылдың 11 айында Алмалы, Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарындағы жоспарланған 601 көшенің 540 көшесінде (90%) жұмыстар орындалды.

 

Жартылай жарықтандырылмаған көшелер

2022 жылы қалған 1 066 жартылай жарықтандырылмаған көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда.

 

Аула аумақтарын жарықтандыру

Қаланың аула аумақтарын жарықтандырумен қамтамасыз ету бойынша жоба әзірленді. Қазіргі уақытта 486 аула аумағы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022 жылдың соңына дейін.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Коммуналдық қызметтерді ұсынуда проблемалар туындаған жағдайда қалалық жедел қызметтердің мына телефондарына хабарласу қажет:
▪️
Жылумен және ыстық сумен жабдықтау:
Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өздігінше іс-әрекет жасамауды және орын алған оқиға туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның апаттық-диспетчерлік қызметіне хабарлауды сұраймыз: +7 (727) 378-06-65.
▪️
Сумен жабдықтау және кәріз:
Егер Сіз су құбыры және кәріз желілеріндегі, судың ағуы немесе ашық құдықтардағы штаттан тыс жағдайдың куәсі болсаңыз, дереу «Алматы Су» МКК-ның тәулік бойы қызмет көрсететін диспетчерлік қызметіне хабарласыңыз: +7 (727) 274-66-66, +7-771-852-91-01.
Суық сумен жабдықтау және су бұрудың барлық мәселелері бойынша WhatsApp + 7 702 100 27 65 «сенім телефоны» жұмыс істейді.
▪️
Электрмен жабдықтау:
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның байланыс орталығы: +7 (727) 356-99-99.
1-АЭЖ:
268-60-71, 268-60-74
2-АЭЖ:
375-25-44, 375-02-25
3-АЭЖ:
385-45-27
4-АЭЖ:
242-65-63
5-АЭЖ:
375-04-69, 375-28-00
6-АЭЖ:
272-23-66, 272-24-32
7-АЭЖ:
268-02-40, 268-02-48
▪️
Газбен жабдықтау:
Газбен жабдықтауда проблемалар туындаған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажет.
▪️
Сыртқы жарықтандыру:
Көше шамдарының жарамсыз болу жағдайында «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне хабарласу қажет: +7 (727) 300-75-42/41.