"АҚЖ" МКК
Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы Қала Жарық" МКК (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын Алматы қаласы әкімдігінің 27.05.2013 ж. № 2/441 Қаулысы негізінде Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымының жағдайын жақсарту мақсатында құрылды.
Коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функцияларын Алматы қаласының әкімдігі жүзеге асырады, мемлекеттік басқару органы "Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" КММ болып табылады. Құрылтай құжаты кәсіпорынның жарғысы болып табылады.
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін кәсіпорын мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымының жағдайын жақсарту;
- Алматы қаласының аумағында көше жарықтандыру объектілерін ұстау;
- Алматы қаласының аумағында қоғамдық көліктің аялдама кешендерін жарықтандыру объектілерін ұстау және ағымдағы жөндеу;
- Алматы қаласының аумағында сыртқы жарықтандырудың электр беру желілерін ұстау;
- сыртқы жарықтандыру объектілерін түгендеу бойынша жұмыстарды орындау;
- Алматы қаласын сыртқы жарықтандыруды автоматтандыру;
- энергия үнемдейтін жаңа технологияларды енгізу.
Басшысы - Мысик Игорь Иванович.