Еңбек заңнамасы бөлімі

Еңбек заңнамасы бөлімі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, еңбек қатынастарының дұрыс рәсімделуін және қызметкерлердің негізгі еңбек құқықтарының сақталуын тексереді, бұзушылықтарды анықтайды және олардың жойылуын бақылайды.
Құжаттар
Барлық құжаттарБағыттар:
Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасы
Жаңалықтар
Барлық жаңалықҰйымдар
Бағыт бойынша барлық ұйымдарЖиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруЕңбек заңнамасының бұзылуы жағдайында сізге тұратын жеріңіз бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына немесе жұмыс берушінің орналасқан орнына еңбек заңнамасының бұзылу фактілері шағымымен немесе сот органдарына жүгіну қажет. Еңбек келісімі шарттарының бұзылуы жағдайында жұмысшы еңбек заңдамасының бұзылуына байланысты инспекция органдарына шағым айта алады. Алматы қаласының тұрғындары Достық даңғылы, 85 мекенжайы бойынша Алматы қаласы Еңбек инспекциясы басқармасына жүгіне алады. Шағым Т.А.Ә., лауазымның, жұмыс берушінің толық атауының, оның орналасқан жерінің және жұмысшы құқықтарының бұзылу фактілеренің көрсетілуімен жазбаша түрде беріледі. Егер жұмысшы құқықтарының бұзылу фактілері анықталса, мемлекеттік еңбек инспекторымен жұмыс берушіге жіберілген бұзушылықтарды жою талабымен ұйғарым беріледі. Ұмытпаңыз, еңбек заңнамасының бұзылуы жағдайында әкімшілік пен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Қылмыстық жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 152 бабына сәйкес, еңбек қарым-қатынастары аясындағы жауапкершілік қылмыстық іс үшін қарастырылады, яғни,заңнамамен бекітілген, қылмыс белгілерін айқындыйтын барлық әрекеттер болуы шарт. Қарастырылған жауапкершілік түрі жұмысшы заңсыз түрде жұмысын тоқтатқанда, жұмысқа қайта тұруына байлынысты сот өкімінің орындалмауы жағдайында, азаматтардың құқықтық мүдделеріне, құқықтарына айтарлықтай нұқсан келтірілуіне әкелінген жағдайларда: әйел адамның жүктілігіне байланысты , үш жастан аспаған балалары бар әйелмен осы себептер үшін еңбек келісімін жасамау немесе одан орынсыз бас тартуына байланысты, мүгедектің оның мүгедектілілігіне байланысты, кәмелеттік жасқа толмаған азаматпен оның жасына байланысты еңбек келісімімен орынсыз келісумен немесе одан бас тартуына байланысты күшіне енеді.
Әкімшілік жауапкершілік
Қылмыстық жауапкершілікпен салыстырғанда жұмыс берушіге арналған әкімшілік жаза жұмысшы құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтірілуінен тәуелсіз, жұмыс берушімен еңбек заңнамасы бұзылған жағдайында салынады. Қазақстан Республикасының әкімшілк құқық бұзушылықтар кодексінің 86 бабына сәйкес, еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда жұмыс берушілерге үлкен айыппұлдар салынады.


