Жиі қойылатын сұрақтар

Қылмыстық жауапкершілік

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 152 бабына сәйкес, еңбек қарым-қатынастары аясындағы жауапкершілік қылмыстық іс үшін қарастырылады, яғни,заңнамамен бекітілген, қылмыс белгілерін айқындыйтын барлық әрекеттер болуы шарт. Қарастырылған жауапкершілік түрі жұмысшы заңсыз түрде жұмысын тоқтатқанда, жұмысқа қайта тұруына байлынысты сот өкімінің орындалмауы жағдайында, азаматтардың құқықтық мүдделеріне, құқықтарына айтарлықтай нұқсан келтірілуіне әкелінген жағдайларда: әйел адамның жүктілігіне байланысты , үш жастан аспаған балалары бар әйелмен осы себептер үшін еңбек келісімін жасамау немесе одан орынсыз бас тартуына байланысты, мүгедектің оның мүгедектілілігіне байланысты, кәмелеттік жасқа толмаған азаматпен оның жасына байланысты еңбек келісімімен орынсыз келісумен немесе одан бас тартуына байланысты күшіне енеді.

Әкімшілік жауапкершілік

Қылмыстық жауапкершілікпен салыстырғанда жұмыс берушіге арналған әкімшілік жаза жұмысшы құқықтары мен мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтірілуінен тәуелсіз, жұмыс берушімен еңбек заңнамасы бұзылған жағдайында салынады. Қазақстан Республикасының әкімшілк құқық бұзушылықтар кодексінің 86 бабына сәйкес, еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда жұмыс берушілерге үлкен айыппұлдар салынады.