Құрылым

Балалардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдау бөлімі

Балалардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдау бөлімі Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің қызметі бала құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, кәмелетке толмағандарды кемсітуге жол бермеуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайтуға, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда оларды қалпына келтіруге жәрдемдесуге бағытталған.

 

Толығырақ

Телефон:

+7 702 107 5745

Электрондық пошта:

bala_qorgau_psy@gov.kz

Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Бөлім қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу, балаларды отбасына орналастыру, кәмелетке толмағандардың мүліктік құқықтарын қорғау, олардың тұру және тәрбиелену жағдайларын бақылау мәселелері бойынша қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді және азаматтардың өтініштерін қарастырады.

 

Толығырақ

Телефон:

+7 778 602 3396

Электрондық пошта:

zh.tasirova@bk.ru