Құрылым
Жолаушылар көлігі бөлімі
Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ауданаралық қатынастарды айқындайды. Жолаушылар көлігі бөлімінің міндеті - жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету, сондай-ақ жолаушылар көлігі саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерді мониторингілеу және талдау. Жолаушылар мен багажды тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізеді. Автовокзалдар мен автостанциялардың, сондай-ақ жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық тұрақты тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады.
Бөлім басшысы:
Базаргалиев Есбол ЕнсеповичТелефон:
8(7132)54-40-22Электрондық пошта:
e.bazargaliev@aktobe.gov.kzАвтомобиль жолдары бөлімі
Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде жұмыстардың сапасын бақылау және қабылдау. Тиімділігін тексеру мақсатында арнайы уәкілетті тұлғалар жүзеге асыратын бақылау жөндеу бойынша бақылауды орындау. Ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың сапасын бақылау осы Нұсқаулықтың, сондай-ақ "автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп-ұстаудың техникалық қағидалары", "автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды қабылдау, бақылау және сапасын бағалау қағидалары"талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бөлім басшысы:
Мырзалин Гизат МукажановичТелефон:
8(7132) 54-45-17Электрондық пошта:
myrzalyn@aktobe.gov.kzЭкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Жол жұмыстарын өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастыру. Веб-портал бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу. Жолаушыларды және оладың қол жүктерін қала маңыда жүретін темір жол және автомобиль көліктерімен тасымалдауға конкурстардың құжаттарын әзірлеп өткізу. Құжаттарды дайындау ережесіне сәйкес уақтылы және сапалы дайындау. Басқарманың бюджеттік қаржыларын жоспарлау. Стратегиялық жоспарларды дайындау. Ақтөбе облысының аумағын дамыту бағдарламасы бойынша жұмыстар жасау.
Бөлім басшысы:
Жарылгасинова Зандыгуль КурмангалиевнаТелефон:
8 (707) 900-57-57Электрондық пошта:
z.zharylgasinova@aktobe.gov.kzҚаржы бөлімі
Қаржы бөлімі республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген бюджеттік қаражатты игеруді жүзеге асырады.
Басқарманың аппаратын күтіп ұстау бойынша сметалардың орындалуын есептемелері мен
бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын қадағалау, сметалар құру, шығыстар сметасының орындалуын
қадағалау, бухгалтерлік есеп пен басқарма есептемелігінің жағдайын тексеру. Дебиторлық
және кредиторлық бережақтар бойынша есептемелерді құру. Келісім – шарттарды тіркеуден өткізу
және төлем құжаттарын дайындау жұмыстарын жүргізу. Шоттар бойынша аналитикалық есепті жүргізу.
Бөлімнің міндеттеріне жататын сұрақтар бойынша Министерстволардың, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ведомстволарының, облыс әкімдігінің тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
Бөлім басшысы:
Кыдырбаева Мирагуль КалыбековнаТелефон:
8(7132)54-46-36Электрондық пошта:
m.kydyrbaeva@aktobe.gov.kz