2021-2023 жылдарға арналған Темір қаласы бюджетін бекіту туралы

Көру саны:8
2021-2023 жылдарға арналған
Темір қаласы бюджетін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2021-2023 жылдарға арналған Темір қаласы бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 62 825 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 5 380 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 1 252 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 56 193 мың теңге,оның ішінде:
субвенция – 51 693 мың теңге.
2) шығындар – 62 825 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:
5) бюджет тапшылығы (профициті)- 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 мың теңге;
- Темір қаласы бюджетінің кірісіне мыналар есептелетін болып ескерілсін:
салықтық түсімдер:
табыс салығы,оның ішінде жеке табыс салығы;
меншікке салынатын салықтар,оның ішінде:
мүлікке салынатын салықтар;
жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салық;
салықтық емес түсімдер:
мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер, оның ішінде:
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер.
басқа да салықтық емес түсімдер.
- Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 9 бабына сәйкес белгіленгені мәлімет басшылыққа алынсын:
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- жалақының ең төмен мөлшері – 42500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 917 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 34 302 теңге.
- Темір аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ___ «2021 - 2023 жылдарға арналған Темір аудандық бюджетінен бекіту туралы» шешіміне сәйкес Темір қаласы бюджетіне берілген субвенция көлемі 2021 жылға 51 693 мың теңге сомасында көзделген.
- 2021 жылға арналған Темір қаласы бюджетте аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер түсімдері 4 500 мың теңге ескерілсін:
Ағымдағы нысаналы трансферттердің аталған сомаларын бөлу Темір қаласы әкімінің шешімі негізінде айқындалады.
- «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Темір аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
|
А. Нуржанов |
|
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
|
Б. Избасов |