Темір ауданы бойынша 2025 жылдың IV тоқсанына мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау бойынша талдамалық анықтама

Аудандық жергілікті атқарушы органдармен 2025 жылдың IV -тоқсанында барлығы 510 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 475 қызмет электронды түрде көрсетіліп 93% - ды құрап отыр.

 

Темір ауданы бойынша 2025 жылдың IV -тоқсанында қағаз түрінде «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – қазан айында – 2, желтоқсан айында - 3 қызметтен бас тарту (күн көріс деңгейінен асып кету) орын алды.

Электронды түрде

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен  «Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қазан айында – 6 бас тарту орын алды.

«Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қазан айында – 2, қараша айында – 4  бас тарту орын алды.

 «Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қазан айында -1, қараша айында - 3, желтоқсан айында - 3 бас тарту орын алды.

«Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қараша айында -1 бас тарту орын алды.

«Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қазан айында -11, қараша айында – 13, желтоқсан айында - 6 бас тарту орын алды.

«Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қараша айында – 3 бас тарту орын алды.

 

 Негізсіз бас тартулар болмады.

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 64-тармағына сәйкес есептік нысаны бойынша:

Тасқопа және Кеңестуы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қағидаға сәйкес уақытылы, сапалы көрсету бойынша түсіндірме шаралары жасалды.

2025 жылдың IV - тоқсанында жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандық «Темір» газетіне 2 мақала жарияланды.

  1. «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер түрі», № 41, 09.10.2025 жыл;
  2. «Шетелдік азаматтың құқықтары қорғалды», № 52, 25.12.2025 жыл;

 

Temir_akparat әлеуметтік желісіне 3 ақпарат жарияланды:

  1. «Қазақстандықтар ең жиі пайдаланатын 5 мемлекеттік қызмет» 06.10.2025 ж; https://www.instagram.com/p/DPdZBVxjMyn/?igsh=MWFkNm9hcnh0MDVtZQ==
  2. 1414-тен келген кодты қашан айтуға болмайды 20.10.2025 ж; https://www.instagram.com/p/DQBwHkzDBmx/?igsh=MWpkMzlpZXAwNHYwcw==
  3. «Дайын құжаттарды беру бөлімі дегенміз не?» 03.12.2025 ж. https://www.instagram.com/p/DRzT8N4jINf/?igsh=cTh4bmM0ZjFlaTM2

 

Біліктілік арттыру курсынан 2025 жылдың IV - тоқсанының қазан айында 1, мемлекеттік қызметші өтті.

 

 

 

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік

құқықтық жұмыстарын және мемлекеттік

қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру

бөлімінің басшысы                                                                                   Г.Мухиева

Жарияланған күні

18 ақпан 2026 15:22

Жаңарту күні

18 ақпан 2026