Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Темір қаласының әкімін сайлау қорытындылары туралы хабары

2026 жылғы  8 ақпанда Темір  ауданының Темір қаласы әкімінің  сайлауы өтті.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Темір қаласы әкімі сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары  негізінде Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

 

Темір қаласының әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1465 азамат енгізілді, олардың 1072 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 5, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                                Акимов М.С - 662, Жұмагерей. Ә.А – 174, Сатаев Е.М – 229.

 

Акимов Мухтар Сактапович, 1967 жылы дүниеге келген,  «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ-нің инженер механигі, Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған, Темір қаласының әкімі болып сайланды.

Жарияланған күні

09 ақпан 2026 11:39

Жаңарту күні

09 ақпан 2026