Темір ауданының Ақсай және Саркөл ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы
Темір ауданының Ақсай және Саркөл ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақсай және Саркөл ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөнінде мынадай сайлау округтері құрылсын:
- Ақсай сайлау округі – Ақсай сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Саркөл ауылдық округі – Саркөл сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Сайлау округтері мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлері көрсетіле отырып, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
10
Жарияланған күні
04 маусым 2025 09:59
Жаңарту күні
04 маусым 2025
Түрі
Жарияланды