Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Темір аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

  1. 2023 жылғы 10 желтоқсанға тағайындалған, Темір ауданы Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Күнтізбелік жоспар Темір аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.
Жарияланған күні

02 қараша 2023 12:31

Жаңарту күні

02 қараша 2023

Түрі