Темір ауданының Жақсымай ауылдық округінің әкімін сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы ҚАУЛЫ
Темір ауданының Жақсымай ауылдық округінің әкімін сайлауы жөнінде сайлау округін құру туралы ҚАУЛЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жақсымай ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
- Жақсымай сайлау округі – Жақсымай сайлау округінің аумағының шекарасында.
- Сайлау округі мен олардың шекаралары, учаскелік және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
Төраға Ә.Мұстафин
Хатшы Н.Сафин
№ 17
2023 жылғы 21 маусым
Шұбарқұдық кенті
6
Жарияланған күні
21 маусым 2023 15:18
Жаңарту күні
21 маусым 2023
Түрі
Жарияланды