Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Темір ауданының Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 – бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кеңкияқ ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 14 маусымға тағайындалсын.
- Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну мерзімі 2026 жылғы 7 мамырдан басталып, 2026 жылғы 19 мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.
- Темір ауданы Кеңкияқ ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2026 жылғы 24 мамыр жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.
- Осы қаулы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Темір» газетінде жариялансын.
18
Жарияланған күні
06 мамыр 2026 09:39
Жаңарту күні
06 мамыр 2026
Түрі
Жарияланды