Жиі қойылатын сұрақтар

Шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсқа ұсынылатын жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім
  2. Конкурстық ұсыныс.

Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялар, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандарының болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны)

        Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау.

        Конкурстықұсыныстың беттері нөмерленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямын жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін- қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін- бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

        Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң 15 жұмыс күн аралығында өткізілетін болады.