Жоба Қобда ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Жоба Қобда ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 - тармағына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №347 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33826 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2024 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері туристердің орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6