Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қобда ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қобда ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Қобда ауданы әкімдігінің «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру туралы» 2023 жылғы 27 наурыздағы № 72 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8319 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.»;
көрсетілген қаулының 2-тармағы және 2-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Қобда ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қобда ауданының әкімі |
|
И. Тынымгереев |
11