Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
ҚОБДА АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЫ
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылдық округінің
сайланған әкімін тіркеу туралы
27 қыркүйек 2023 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9)тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-11-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының 2023 жылы 24 қыркүйекте өткен Қобда ауданының Жарық ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде:
Кенбаев Таңат Қылышбайұлы,1963 жылы дүниеге келген, «Игілік -2» шаруа қожалығының басшысы, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарық ауылының тұрғыны, өзін өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Жарық ауылдық округінің әкімі ретінде тіркелді.
37
27 қыркүйек 2023 14:34
27 қыркүйек 2023