Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы
Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімін сайлауды тағайындау туралы
Ақтөбе облысы Қобда ауданының
әкімін сайлауды тағайындау туралы
«ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 12 қыркүйектегі Ақтөбе облыстық мәслихатының №53 шешімі негізінде, Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімін сайлау2023 жылғы 5қарашаға тағайындалсын.
- 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Qobda» газетінде жариялансын және Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төрағасы А.Оразова
Хатшысы М.Қожабекова
№ 63
15.09.2023ж.
33
Жарияланған күні
15 қыркүйек 2023 10:05
Жаңарту күні
15 қыркүйек 2023
Түрі