Қобда ауданы Қобда ауылында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы
Қобда ауданы Қобда ауылында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін белгілеу туралы
- Қобда ауданы Қобда ауылында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жол жүруге 80 (сексен) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.
- «Қобда аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет Депаратментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қобда ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
|
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Ақтөбе облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 18.07.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 8385 болып енгізілді
8