Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 6 «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 6 «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы
1-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2022 жылғы 7 қазандағы №2-11-3/260 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
- Ірі қара мал арасында вирустық диарея ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Ақтөбе облысы Қобда ауданы Суғалы ауылдық округінің Көк үй ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
- Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 тамыздағы «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы № 6 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29365 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
8