Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2021 жылғы 05 мамырдағы № 2-11-3/92 ұсынысы негізінде, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округінің Өтек ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
- Ақтөбе облысы Қобда ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 «Шектеу іс шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6578 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- "Ақтөбе облысы Қобда ауданы ауданы Өтек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өтек ауылдық округінің әкімі Ө.Ищанов
7
06 мамыр 2021 00:00
06 мамыр 2021