«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ 2023-2025 жылдарға арналған азаматтық бюджет

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ облыс әкімдігінің 2016 жылғы 12 тамыздағы №347 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде әрекет етеді. Мекеменің миссиясы – бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және облыстың коммуналдық меншігін тиімді басқару.

 

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ - 257 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 2023-2025 жылдарға арналған 4 бюджеттік бағдарламаны бекітті:

 

257 001 «Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 2023 жылға – 191 625,0 мың теңге, 2024 жылға – 198 630,0 мың теңге, 2025 жылға – 200 821,0 мың теңге;

 

257 009 «Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу» 2023-2025 жылдарға – 1 230,0 мың теңге;

 

257 012 «Облыстық жергілікті атқарушы органының резервi»:

  • 100 «Облыс аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының төтенше резерві» 2023 жылға – 769 794,5 мың теңге; 2024 жылға –

826 899,9 мың теңге, 2025 жылға – 870 554,4 мың теңге;

  • 101 Шұғыл шығындарға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві 2023 жылға – 494 867,9 мың теңге; 2024 жыл – 531 578,5 мың теңге; 2025 жыл – 559 642,3 мың теңге;
  • 102 Соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві 2023 жылға – 109 970,6 мың теңге; 2024 жылға – 118 128,6мың теңге; 2025 жылға – 124 365,0 мың теңге.
Жарияланған күні

20 желтоқсан 2022

Жаңарту күні

20 желтоқсан 2022