Жалпы ақпарат

Басқарма басшысы
Басқарма туралы
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекет қаржысын басқару саласында басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган, жергілікті бюджеттерді орындау, сондай-ақ коммуналдық меншік объектілерін басқару, иемдену және билік ету мәселелері жөнінде уәкілетті орган болып табылады.
Мемлекеттік органның міндеттері:
1) облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
2) бюджеттік қаржыларды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3) бюджеттік қаржыларды пайдалану тиімділігінің мониторингі, орындалуы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
4) басқарма аппараты бойынша жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелік және тиімділік көрсеткіштері бар бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау;
5) коммуналдық меншік объектілерін басқару, иемдену және билік ету мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
6) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік саясатты әзірлеуге, іске асыруға және жүзеге асыруға қатысу;
7) мемлекеттік қызмет жүйесінде тиімді кадр саясатын және адами капиталды басқаруды жүзеге асыру.