Жиі қойылатын сұрақтар
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында, сондай-ақ egov.kz сайтында «Азаматтық бюджет» жеке қойындысы бар.
Азаматтық бюджет – республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жалпыға қолжетімді нысанда жарияланған ақпарат.
ҚР Бюджет кодексіне сәйкес облыстың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органы әкімдікке бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсынады. Әрі қарай әкімдік қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді. Сонымен қатар, мәслихаттың тұрақты комиссияларында облыстық әкімдіктің жылдық есебі қаралады. Мәслихаттың тұрақты комиссияларымен қаралғаннан кейін облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп мәслихат сессиясында бекітіледі.
Сіз мемлекеттік мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттыққа қатыса аласыз, Мемлекеттік тізілімнен жекешелендіру бойынша қызықтыратын объектіні таңдауға болады
Ғимараттағы үй-жайды жалдау (мемлекеттік мүлікті жалдау) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға беру қағидаларымен реттеледі. Рәсім Мемлекеттік қоғамдастықтың веб-порталында өтеді gosreestr.kz осы порталда тіркелу арқылы сіз тендерге қатыса аласыз.