Жалпы ақпарат

Ырғыз ауданының әкімі
Әкімдік туралы
Ырғыз ауданы - Қазақстанның Ақтөбе облысындағы екінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірлік. Ауданның әкімшілік орталығы - Ырғыз ауылы.
Аудан басшысы - Өтешов Рүстем Баймырзаұлы.
Ырғыз өңірінде Аманкөл, Ақши, Белшер, Дүкен, Жайсаңбай, Жаныс би, Жарма, Ырғыз, Қалыбай, Қарақұдық, Қарасай, Құйылыс, Құмтоғай, Құрылыс, Құтикөл, Мамыр, Нұра, Шенбертал елді мекендері бар.
«Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аумақтың мүддесін қорғап, ауданда Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және басқалай қамтамасыз етуді жүзеге асырады.