Жалпы ақпарат

фото
Жәнібекұлы Асылан

Қызылжар ауылдық округінің әкімі

Әкімдік туралы

Құрылыс ауылы – Ырғыз ауданының солтүстік-батыс бағытындағы елді мекен. Ырғыз өзені бойында орналасқан. Қызылжар ауылдық округінің орталығы. Ауылдың іргетасы 1957 жылы қаланған. Аудан орталығынан 45 км, Ақтөбеден 380 км. 1957 жылдан Калинин атындағы совхоз, қазір Қызылжар ауылдық округінің орталығы. Қызылжар ауылдық округіне Құрылыс, Жаныс би, Шеңбертал елді мекендері кіреді. 2026 жылдың басына халық саны - 2022. «Самара-Шымкент» тас жолынан Құрылыс ауылына дейінгі ара қашықтық 6,9 км. 

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты