Құрылым

Экономика және қаржы бөлімі

Басқарманың жоспарлау саласындағы жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау және мониторинг жүргізу;

Бюджеттік комиссияға басқарма нысандарына қаражат бөлу туралы өтінімдерін әзірлеу;

Облыстың сумен, газбен қамту жобаларын салалық даму бағдарламасына сәйкестігін анықтау. Бюджеттік бағдарламалар әзірлеу және олардың орындалуы бойынша есеп беру;

Басқарманың жалпы қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
Басқарманың қаржыландыру жылдық жоспарларын құру;

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-90

Электрондық пошта:

ai.baimurzina@aktobe.gov.kz

Тұрғын - үй қатынастар бөлімі

Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүзеге асыру. Көппәтерлі тұрғын үй қорын (пәтер иелерінің кооперативі, тұтынушылар кооперативі, кондоминиумдер және басқалар) пайдалану және күтіп ұстау бойынша тиісті жұмыстар атқару және мониторинг жүргізу. Көппәтерлі тұрғын үй қорының жағдайына мониторингті жүзеге асыру (авариялық, иесіз тұрғын үйлер).

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-89

Электрондық пошта:

tazhmukhanova.aidana@aktobe.gov.kz

Отын- энергетика кешені және коммуналдық сала бөлімі

Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелерін дамыту бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыстарды ұйымдастыру. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік мекемелермен, коммуналдық кәсіпорындармен тиісті жұмысты атқару. Елді мекендерді шаруашылық ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізуді қадағалау.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-92

Электрондық пошта:

b.uksukbaev@aktobe.gov.kz

Газбен жабдықтау бөлімі

Аймақты газдандырудың жалпы сызбасын іске асыруға қатысу. Елді мекендер шекараларының (сызықтарының) шегінде газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Газ шаруашылығы нысандарының жағдайына талдау жүргізу және мемлекеттік реттеу. Құрылыс барысына мониторинг жүргізу және орындалған жұмыстар актісін сметалық құжаттамаға сәйкес қарау. Құрылыс нысандары бойынша жобалау құжаттарын қарау, газ шаруашылығы нысандарын құру және қайта жарақтау кезінде техникалық қадағалаушының жұмысын қарау, салынған, жаңғыртылған нысандарды іске қосуға беру жұмысын ұйымдастыру. Газдандыру нысандарының құрылысы үшін қажетті құжаттарды уақытылы қарастыру, ұрылыстың барысын бақылау және аяқтау туралы сертификатты қарау.

Толығырақ

Телефон:

8 (7132) 74-75-91

Электрондық пошта:

a.telagisov@aktobe.gov.kz