Жиі қойылатын сұрақтар
Бүгінгі таңда Ақтөбе облыстық Дін істері басқармасы тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда,
-Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу;
-Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру;
-Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру;
-Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру;
- Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру.
Қазіргі таңда өңірдің діни ахуалы қалыпты. Облыс көлеміндегі тіркелген барлық діни бірлестіктер мен филиалдар ҚР-ның заңнамасына сәйкес қызмет атқаруда.
Бүгінгі таңда, облыста 93 діни бірлестіктер мен филиалдар тіркелген. Оның ішінде, 68-ҚМДБ филиалы, 9-православиелік, 2-католиктік, 13-протестанттық және 1-«Кришна санасының Ақтөбе қоғамы» бірлестіктері қызмет етуде.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ:
-Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Алматы қ - @nmu_kz
МЕДРЕСЕЛЕР:
1)Ақтөбе медресе колледжі - Ақтөбе облысы,Алға ауданы- @aktobe_medrese_kolledzhi
2)«ҺибатуллаТарази» медресесі – Тараз қаласы- @asyldin.kz
3)ӘбуХанифа медресе колледжі - Алматы қаласы- @abuhanifa_medrese
4)Сарыағаш медресе колледжі – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы- @saryagash_medrese
5)Орал медресе колледжі - БатысҚазақстан облысы, Орал қаласы- @oral.medrese
6)Үшқоңыр медресе колледжі - Алматы облысы, Жамбыл ауданы- @ushqonir_mk
7)Әбу Бәкір Сыддықмедресе колледжі - Павлодар қаласы- @medrese_pvl
8)Шымкент медресе колледжі – Шымкент қаласы- @shymkent_medrese
9)Астана медресе колледжі – Астана қаласы- @astana_medrese
Елімізде тыйым салынған діни әдебиеттер тізімі Ақтөбе облысы Дін істері басқармасының ресми сайтында жарияланған.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/documents/details/93468?lang=kz
«Ансар» талдау орталығына өзіңіз келіп немесе сенім телефоны арқылы білікті теолог, психолог мамандардан тегін консультация ала аласыз. Сонымен қатар instagram әлеуметтік желісі арқылы сауалыңызды қойып, жауап алуыңызға болады.
Сенім телефоны:8(7132) 741-707
Cенім телефоны: 8(776) 074 17 07(whatsapp)
@din_aktobe
@ansar_aqparat