Жалпы ақпарат

Қуаныш Дәурен Ерланұлы
Қуаныш Дәурен Ерланұлы

Дін істері басқармасының басшысы

Басқарма жайында

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Ақтөбе облысының аумағындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мекеменің негізгі міндеттері:

1) Өңірде жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктердің, миссионерлердің рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізеді;  

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;  

3) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат береді;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты өтініштерін қарайды;

6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты
үй-жайлардың орналастырылуын келіседі, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;  

8) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды; 

9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;

10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;

11) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жолын кесу және оған қарсы тұру жөніндегі қызметті іс-шараларды жүзеге асырады;

12) қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты