Жиі қойылатын сұрақтар
Продюсері немесе өкілі концерт өткізуге рұқсат алу мақсатында облыстық мәдениет басқармасына хат жолдауы тиіс. Хатта концерт бағдарламасы, репертуар, өткізу күні мен уақыты, сондай-ақ жоспарланған маршруттар нақты көрсетілуі қажет. Әншінің репертуары мен орындағалы отырған әндерінің мазмұны ҚР «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес сараланып, келісімшарт жасау барысында барлық талаптар ескеріледі. Осыған байланысты аудандық мәдениет бөлімдеріне тиісті қарастыру үшін ресми хат жіберіледі.
Қосымша рұқсаттар мен келісімдерді алу мақсатында аудан әкімдігімен, ішкі саясат және мәдениет бөлімдерімен келісу қажет. Қажет болған жағдайда концерт барысында қоғамдық тәртіп, өрт қауіпсіздігі және медициналық қызмет көрсету мәселелері полиция, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарымен бірлесе ұйымдастырылады.
Афиша ай сайын жаңартылып, филармонияның ресми сайтында, әлеуметтік желілерде, сондай-ақ ғимараттың фойесіндегі ақпараттық стендте жарияланады. Сондай-ақ, сайттағы жазылу формасы арқылы электронды поштаңызды қалдырып, афишаны электронды таралым арқылы алуға жазыла аласыз.
Мұндай толық ақпаратты театрдың ресми https://new.akhtanov-teatr.kz/ веб-сайтынан алуға болады.
Актуалды репертуарды театрдың Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан көруге болады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына не "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.11 (он бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Құжаттар (мәліметтер) мемлекеттік сақтауда болмаған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқ екендігі туралы немесе сұранымды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жолданғандығы туралы жауап дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Кітапханалардың қызметі бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Ақпаратты жинау және сақтау:
- Кітаптарды, мерзімді басылымдарды, электронды ресурстарды және басқа материалдарды сатып алу.
- Ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдету үшін қорлар мен каталогтарды ұйымдастыру.
Пайдаланушыларға қызмет көрсету:
- Кітаптар мен басқа да материалдарды беру қызметін ұсыну.
- Ақпаратты іздеу және ресурстарды пайдалану бойынша пайдаланушыларға кеңес беру.
Ақпараттық-библиографиялық жұмыс:
- Библиографиялық көрсеткіштер, аннотациялар және ұсыныстар дайындау.
- Көрмелер мен презентациялар сияқты ақпараттық іс-шараларды өткізу.
Мәдени-ағарту қызметі:
- Лекциялар, шеберлік сыныптары, авторлармен кездесулер сияқты іс-шараларды ұйымдастыру.
- Байқаулар, фестивальдер және басқа да мәдени іс-шараларды өткізу.
Білім беру бағдарламалары:
- Ақпараттық сауаттылық бойынша курстар мен тренингтер өткізу.
- Білім беру мекемелерінің оқу процесін қолдау.
Цифрландыру және электронды ресурстарға қол жеткізу:
- Электронды кітапханалар мен дерекқорларды құру.
- Онлайн-ресурстар мен қашықтықтан қызмет көрсетуге қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Басқа мекемелермен ынтымақтастық:
- Кітапханааралық абонементке қатысу.
- Білім беру, мәдениет және ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық.
Кітапханалық қор кітаптарды сатып алу, кітап алмасу, сыйлық ретінде алу және мемлекеттік тапсырыс бойынша басылған кітаптарды тегін алу арқылы қалыптасады. Кітаптар оқырмандардың сұранысы бойынша және бюджет қаражаты бөлінген жағдайда сатып алынады. Уақытылы шығатын басылымдарды сатып алу мемлекеттік бюджет қаражатының жылдық жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Жазылу практикалық маңыздылық пен сұранысқа байланысты жүзеге асырылады.
Монументтік өнер құрылыстарын немесе ескерткіштерді орнату ұсыныстары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» №103 бұйрығы (әрі қарай - бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.
Аталған бұйрыққа сәйкес монументтік өнер құрылыстарын орнату «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады. Мерейтойлар алғашқы жүз жылдықта - жүз жылдығы, одан кейiнгi жүзжылдықтарда әрбiр жиырма бес жылда аталып өтiледi.
Мерейтой аясындағы ұсыныстар облыстық комиссияда қаралып, жинақталған құжаттар (ескерткіштің қаражаты, жер учаскесін бөлу туралы шешімі, облыстық комиссия хаттамасы) республикалық комиссияға жолданады.
Республикалық комиссия ұсынысты қарап, арнайы жоспарға енгізеді. Бұл жұмыстар ескерткішті орнату жоспарланып отырған жылдың алдыңғы жылында жүргізіледі. Яғни, 2026 жылы мерейтойы аясында ескерткіш орнатылуы жоспарланса, ұсыныс министрлікке 2025 жылдың 1 қарашасына дейін жолданады.
Арнайы жоспарға енгізілгеннен кейін мүсіншілер арасында құрылыстың үздік жұмыс жобаларына республикалық конкурс жарияланады. Конкурсқа ұсынылған жобалар облыстық комиссияда қаралып, республикалық комиссияда мақұлданады.
Музей ашу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы №121 бұйрығына (әрі қарай -Бұйрық) сәйкес жүргізіледі. Бұйрықта мәдениет ұйымдары желілерінің ең төменгі мемлекеттік нормативтері бойынша «мұражайлар- мәдени-демалыс орындарында жауынгерлік және еңбектік даңқтар бөлмесі, қоғамдық бастамамен құрылған мұражай ұйымдаса алады, халық саны 5000 адамнан кем емес болғанда және экспонаттардың 1000 дана (негізгі қорда) болған жағдайда ашуға болады», деп көрсетілген.
Осы талаптарға сәйкес келген жағдайда музей ашу мәселесі қарастырылады.
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік және өзге құжаттардың электрондық көшірмелері;
мемориалдық тақтаның эскизі;
қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;