Құрылым
«Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облыстық Алақай қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі- Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні театр өнерінің туындыларын жасау және көпшілік алдында орындау болып табылады.
«Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Облыстық халық шығармашылығы Орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ тұрғындардың демалыстарын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындау, өңірде бірыңғай мәдени кеңістік қалыптастыру, дәстүрлі ұлттық мәдениеттің түрлі жанрларын насихаттау мен дамыту, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, оларды заманауи өмірге кеңінен енгізу.
Басқарма басшысы:
Искаков Медет ЖұмабайұлыТелефон:
8 (7132) 74-75-24«Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Ақтөбе облысы бойынша патриоттық тәрбие мен жастар саясатын орындау функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық құқықтық мекеме нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні түрлі патриоттық және мәдени іс-шаралар өткізу, мәдени құндылықтарды дамыту, экспонаттар жинау, көрмелер ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Ақтөбе облысында мәдени-демалыс қызметі саласындағы ұлттық мәдениеттерді сақтау, халықтың рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыру, семинарлар өткізу, жастарға мәдени- патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту болып табылады.
Басшылық: директор Тупенова Бағдаш Абдижамиқызы
Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Әлия ауылы, К. Байсеитова көшесі , 40А үйі
Байланыс телефоны: 8(71341)24-5-95
e-mail: aliapatriot@yandex.kz
Сайт: patriotaliya.kz
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00-18.00. демалыс сенбі, жексенбі.
БСН: 060240011397
Басқарма басшысы:
Искаков Медет ЖұмабайұлыТелефон:
8 (7132) 74-75-24«С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырырып жүзеге асыратын сондай – ақ жастарды тәрбиелеуге, білім беруге, демалысын ұйымдастыруға ықпал ететін мәдени – ағарту әрі ғылыми – ақпараттық қызмет көрсететін, заңды тұлға статусындағы коммерциялық емес ұйым болып есептеледі.
Мекеменің қызметтік мақсаты - жастар мен жасөспірімдердің білімін жетілдіріп, интеллектуалды дамуға бағытталған шараларды ұйымдастырып, шығармашылықпен айналысатын ақпараттық орта құру.
Мекеменің мекен – жайы: 030007, Қазақстан республикасы, Ақтөбе қаласы, М.С.Прохоров көшесі, 11
Директоры: Сейталина Гулнар Рамазанқызы
Тел.: 7(7132) 50-44-48
Е-mail: : zhienbaev.kitaphanasy@yandex.kz
Сайт: www.aktobeoub.kz
Жұмыс тәртібі: Күн сайын 09.00-18.00
Демалыссыз
БСН: 98 01 40 00 38 02
Басқарма басшысы:
Искаков Медет ЖұмабайұлыТелефон:
8 (7132) 74-75-24«Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, материалдық және рухани-мәдени ескерткіштерді кеңінен насихаттау, зерттеу, сақтау және есебін жүргізу функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні экскурсияларға шығу, музей қорына экспонаттар жинау, көрмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, кездесулер өткізу.
Директоры: Максутова Жанар Тугамбаевна
Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 030000 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 47 үй.
Байланыс телефоны: 8(7132) 52 15 98
E-mail: Aliya.muzei@yandex.kz
Сайты: https://aliya-museum.kz/kk/
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09:00-18:00, 13:00-14:00 түскі үзіліс, демалыссыз.
БСН: 040340005830
Басқарма басшысы:
Искаков Медет ЖұмабайұлыТелефон:
8 (7132) 74-75-24«Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі- Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні театр өнерінің туындыларын жасау және көпшілік алдында орындау болып табылады.
Басшылық: Қамиев Сайлау Ғалымжанұлы
Адрес: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Тахауи Ахтанов көшесі, 52 үй.
Байланыс телефондар: 8 (7132) 74-91-18
e-mail: Dramateatr.aqtobe@yandex.kz
сайт: https://akhtanov-teatr.kz
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00-18.00 сенбі және жексенбіден басқа
БИН 140940024146
«Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммерциялық емес ұйым болып есептеледі, заңды тұлға статусын пайдаланып, мәдени - көпшілік ағарту ұйымдастыратын құқықтық ұйымдастыру формасындағы мекеме.
Мекеменің қызметтік мақсаты - зағип және көзі нашар көретін пайдаланушыларға кітапханалық-библиографиялық, анықтамалық қызмет көрсету және ақпараттарға шектеусіз қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Мекеменің мекен жайы: 030003 Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы,Орынбор көшесі, 11.
Директоры: Раймбаева Құралай Серікқызы
Тел.:8 (7132) 40-11-40
E-mail: aoznkk@yandex.kz
Сайт: https://aktobe-specbiblioteka.kz/
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00-18.00
сенбі және жексенбіден басқа
«Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мемлекеттік басқару органы (бұдан әрі – кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру, музей үшін экспонаттар жинау, көрмелер, экскурсиялар ұйымдастыру, кездесулер өткізу, әлемдік және дәстүрлі діндердің, оның діни ілімнің пайда болуы мен Қазақстан территориясында және Ақтөбе облысында даму тарихы туралы материалдарды жинау, зерттеу және ұсыну болып табылады.
Басшылық: директор Дүйсенғали Мейрам Нұрланұлы
Мекен-жайы: Актобе қаласы, Астана ауданы. Батыс 2 шағын мөлтек ауданы, Ораз Тәтеұлы көшесі, 3 үй.
Байланыс телефоны: 8(7132)742141
e-mail: Aktkraeved29@yandex.kz
Сайты: aqtobe-museum.kz
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00-18.00. демалыс дүйсенбі.
БСН: 040340006363
«Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Н.Байғанин атындағы Ақтөбе облыстық балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ( бұдан әрі – Мекеме) жергілікті тұрғындардың рухани және мәдени қажеттілігін өтеуге бағытталған мәдени-ағарту және ақпараттық қызмет көрсететін, заңды тұлға статусындағы коммерциялық емес ұйым болып есептеледі.
Мекеменің қызметтік мақсаты оқырман сұранысын қанағаттандыра отырып, халыққа кітапханалық-библиографиялық, анықтамалық қызмет көрсету.
Мекеменің мекен-жайы: 030006, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Кереев көшесі, 7.
Директоры: Кашкенова Эльмира Сағындыққызы
Тел.:8 (7132) 97-50-63
E-mail: obk.baiganin@yandex.kz
Сайт: http://baiganinlib.kz/kz/
Жұмыс тәртібі: Күн сайын 09.00-18.00
жексенбіден басқа
БСН: 990140004298
«С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы - көпшілік қалалық кітапхана болып 1896 жылы құрылған, облыстағы мәдени мекемелердің бірі.
Кітапхана қазіргі таңда заманауи жаңа технологияларды пайдалана отырып, оқырмандардың ақпарат пен білімге еркін қол жеткізетін рухани даму орталығы болып табылады.
Басшылық: Директор - Хакимова Сұлушаш Максимқызы.
Мекен-жайы: 030000, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, 11 шағын аудан, 112Е
Байланыс телефоны: 8 (7132) 237400
e-mail: Aktobekitap@yandex.kz
Сайты: www.baishev.kz
Жұмыс тәртібі: Кітапхана дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 19:00-ге дейін оқырмандарға қызмет етеді. Сенбі және жексенбі 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Тазалық күні - әр айдың соңғы бейсенбісі.
Жазғы уақытта кітапхана 9:00-ден 18:00-ге дейін оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Сенбі 10:00-ден 18:00-ге дейін.
Жексенбі демалыс.
«Ақтөбе облыстық өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облыстық өнер музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ақтөбе облыстық көркемсурет көрме залы болып 1981 жылы 2 шілде күні Мәдениет министрлігінің шешімі бойынша Қазақ ССР-і мәдениет министрлігі көркемсурет көрмелері дирекциясының жиырмасыншы филиалы ретінде ашылды. Ақтөбеліктер мен қала қонақтары республикалық бейнелеу өнерінің жаңа шығармаларымен таныса алатын болды. Ең алғашқы рет көрме залы жұмысын «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты көрмемен бастады.
1997 жылдан бері көрме залы облыстық мәдениет басқармасына берілді.
2006 жылдың 1 қаңтарынан облыс әкімі шешімімен көрме залы «Ақтөбе облыстық көркем-сурет және сәндік қолданбалы өнер музейі» болып қайта құрылды.
Көрме залы қызметінің мақсаты барлық жанрдағы көркемсурет өнерін дамыту, қолөнер шеберлері, суретшілердің дербес, жылжымалы, тұрақты көрмелерін ұйымдастыру, олардың өнерін насихаттау болып табылады.
Әнуар Жұмағалиұлы Өтеген 600 шетелдік, қазақ және орыс суретшілердің туындыларын өз коллекциясынан сыйға тартып, облыстық музейінің алтын қорын толықтырды.
Облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейіне 2012 жылы қаланың бас көшелерінің бірі, Әбілқайыр хан даңғылынан екі қабатты ғимарат беріліп, атауы «Ақтөбе облыстық өнер музейі» болып ауысты. Бұл облыстың мәдени өмірінде, ақтөбелік суретшілер үшін, өнерсүйер қауымғада көптен күткен айтарлықтай маңызды оқиға болды.
Басшылық: Қонаева Гүлжан Оңдасынқызы
Атауы : «Ақтөбе облыстық өнер музейі» КММ (коммуналдық мемлекеттік мекемесі)
Мекен- жайымыз: Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 74,
Телефон/факс: 8 (7132) 55-47-53
Сайт: https://aktobe-muzei.kz/
E-mail: onermuzei.aktobe@yandex.kz
«Ақтөбе облыстық планетарий» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Ақтөбе облыстық планетарий» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы мәдениет, ағартушылық, демалысты ұйымдастыру қызметін іске асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты түрғындардың рухани және танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру және қалыптастыру болып табылады. Астрономия, ғарышкерлік және Жер туралы ғылыми білімдерді облыс және қала түрғындарының арасында дәріптеу және тарату.
Басшылық: Бөлеков Қорлан Шәкуұлы
Мекен-жайы: 030006, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 50 А үй.
Байланыс телефоны: 8 (7132) 40-42-14; 21-13-22
e-mail: aqtobeplanet@yandex.kz
Сайты: www.aqtobe-planetarium.kz
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00 – 18.00; сенбі сағат 10.00-17.00; жексенбі – демалыс.
БСН: 990240005190
«Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ
«Ақтөбе облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ 1992 жылы 28 желтоқсанда құрылды.
Орталық Ақтөбе облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, есепке алу, жаңғырту, қайта қалпына келтіру, насихаттау және пайдалану жұмыстарын, тарихи орталықтарды қайта жаңғырту, қалаларды және басқа да елді мекендерді жоспарлау, салу және қайта құру жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету болып табылады.
Мекеме ескерткіштерді есепке алу, қорғау, қайта жаңғырту мәселелері бойынша қызметін ғылыми-зерттеу институттарымен, атап айтқанда, «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК, «Ә.Марғұлан атындағы археология институты» РМҚК, «Қазқайтажаңарту» РМК, жоғарғы оқу орындарының ғалым-мамандарымен, музейлер, архивтер, ескерткіштерді қорғау Қазақ қоғамы бөлімдерімен, жергілікті әкімдіктермен, мәслихаттармен, басқа да мүдделі тұлғалармен, Халықаралық және отандық ұйымдармен өзара байланыстар жүргізеді.
Басшылық: Досмұратов Фархад Сабыртайұлы
Мекен-жайы: 030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Кереев көшесі, 7
Байланыс телефоны: 8 (7132)46-79-94
e-mail: aqtobe.mura@yandex.kz
Сайты: http://aktobenasledie.kz/
Жұмыс тәртібі: Дүйсенбі-жұма күндері, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс жасайды. Сенбі - жексенбі күндері демалыс.
“Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві” КММ
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві құжаттарды сақтау, есепке алу, жинақтау және мекемелер мен ұйымдардың тізімін анықтау, құжаттардың құндылығының сараптамасын жасау, құжаттарды құпиясыздандыру және оларды ғылыми айналымға енгізу жұмыстарын жүргізеді.
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві туған өлкеміз – Ақтөбе облысы тарихының елеулі кезеңдеріне, тарихы мен мәдениетінің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттарды жинақтап отыр.
Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі, 255.
Директор: Тулебай Марат Тулебайұлы
Телефон: 8 (7132)73-09-47
Сайт: https://arhiv-aktobe.kz/
Электрондық пошта: arhiv.aqtobe@yandex.kz
Жұмыс тәртібі: Күн сайын 09.00-18.00
сенбі, жексенбі күндері демалыс
БСН: 951240001193
«Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония - үлкен өнер ордасы, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге және оны дайындауға мүмкіндігі мол, өзінің жаңа заманға лайықты ғимараты бар.
Филармония жоспарының мақсаты: Қазақстанның қалаларына және алыс- жақын шет елдерге өз өнерлерін таныстыру, қазақ халық музыкасын кеңінен насихаттау болып табылады.
Филармония ұжымдары «ӨНЕР ОРТАЛЫҒЫ» концерттік залында қала тұрғындары мен қонақтарына жоспарлы түрде концерттік бағдарламасын ұсынып, халықтың қошеметіне бөленіп, алғысын алып келеді және Ақтөбе өңірінің өнерпаздары халыққа шынайы өнер көрсетуді үлкен мәртебе санайды.
Басшылық: Ниязова Дина Аманғазықызы
Мекен-жайы: 030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 90Б
Байланыс телефоны: 8 (7132) 90-64-58
e-mail: akt-filarmonia@mail.ru
Сайты: aqtobefilarmonia@yandex.kz
Жұмыс тәртібі: күн сайын сағат 09.00-18.00 сенбі және жексенбіден басқа
БСН: 990340006955