Құрылым
Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі
Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы және елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп- ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Бөлім басшысы:
Селубаев Алмас ЕржановичТелефон:
8 (7132) 41-73-91Электрондық пошта:
a.selubaev@aktobe.gov.kzАқтөбе қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты әлеуметтк сала бөлімі
Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, аудан аумағында жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру; Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламалар негізінде аудан бойынша мониторинг жүргізу; Аз қамтылған азаматтарды (отбасыларды) атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында жаңа форматтағы АӘК туралы халыққа ақпарат беру бойынша мониторинг жүргізу; Атаулы әлеуметтік көмектің жана форматына сәйкес кепілдендірілген әлеуметтік пакеттерді таратуды бақылау; Жергілікті атқарушы органдардың шешіміне сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актілерін жүргізуді қадағалау; Алматы ауданы әкімдігіне бағытталған азаматтардың құжаттарымен ай сайыңғы жұмыс уақытын есепке алу табелін уақытылы әзірленуін қадағалау; Төтенше жағдай кезінде кірістерінен айрылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер туралы ақпараттандыру және төлем алу үшін берген өтініштерін қарастыру (карантин кезінде); білім, мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; Аудан әкімнің жеке әлеуметтік парақшасын жүргізу, талдау жасау; республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі мәдени шараларды ұйымдастыруға қатысу; әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын жандар үшін қайырымдылық шараларын ұйымдастыру; гендерлік саясаттың жүзеге асуын қадағалау; аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелермен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқару; атаусыз көшелерге атау беру бойынша халықпен кездесу.
Бөлім басшысы:
Досымбет Нурсултан АмангелдыұлыТелефон:
8 (7132) 41-73-96Электрондық пошта:
n.dosymbet@aktobe.gov.kzАқтөбе қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлік және ауылшаруашылығын дамыту бөлім
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; шаруа, фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар енгізу; аудандағы кәсіпкерліктің дамуына мониторинг, жоспарлау, анализ жүргізу, соның ішінде жастар және әйел кәсіпкерлігін дамыту; үдемелі индустриялды- инновациялық дамытуда мемлекеттік бағдарлама бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылауды жүргізу; инвестицияны қажет ететін, инвестициялық жобалардың төлқұжатын дайындауды ұйымдастыру және кәсіпорындар тізілімін жүргізу; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал ету;
Бөлім басшысы:
Курмангазина Ляззат КырымовнаТелефон:
8 (7132) 41-73-70Электрондық пошта:
l.kurmangazina@aktobe.gov.kzАқтөбе қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты әкімшілік қаржылық бөлімі
Әкімшілік-қаржы бөлімі басшысының міндеттері
- Бөлім жұмысын ұйымдастыру және басқару, әкімшілік-қаржы мәселелері бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
- Аудан әкімі аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- Операцияларды орындау, рәсімдеу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулар жасау арқылы бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бақылау функциясын жүзеге асыру;
- Бухгалтерлік есепті және есеп беруді бюджеттік топтау арқылы жүргізу, бақылау, бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануға мониторинг және талдау жүргізу;
- Уәкілетті органдарға есептер және жедел түрдегі мәліметтерді уақытылы дайындауды, төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жылдық жоспарын қалыптастыруды, қаржыландырудың бекітілген және анықталған жоспары бойынша бюджеттік жоспар дайындауды, мемлекеттік мүлікті, тауар- материалдық құндылықтарды есепке алуды, бюджеттік сұраныс (ақпарат) дайындауды бақылау;
- Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу.
- Аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кадрлық сұрақтар бойынша ақпараттар мен есептерді уақытылы ұсыну, әскери міндеттілердің құжаттарын әзірлеу және есебін тапсыру;
- «Алматы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қызметкерлеріне құқықтық кеңес беру. Қажет болған жағдайда сотта аппараттың мүддесін қорғау;.
- Еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын сақталуын қадағалау;
- Мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттарды дайындау, уәкілетті органдарға есептер және жедел түрдегі мәліметтерді уақытылы дайындау;
- Тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде заң талаптарына сәйкестігін қадағалау, келісім шарттар дайындау, келісімдік қатынастарды реттеу;
- Аудан әкімі аппаратының теңгеріміндегі ғимараттарды бақылау;
- Жетекшілік ететін бағыт бойынша аудан әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылау;
- Жетекшілік ететін сұрақтары бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қарау;
- Басшылық жүктеген, сондай-ақ бөлім ережесінде көрсетілген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру;
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;
- «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылды күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі №793 Жарлығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы, бұл үшін жеке жауапкершілік бекіту арқылы, іс- әрекет етуге міндетті.
Бөлім басшысы:
Досмуратова Сағдат ҚуанышбайқызыТелефон:
44-57-51Электрондық пошта:
s.dosmuratova@aktobe.gov.kzАқтөбе қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімі
бөлім қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін уақытылы және сапалы орындауына бақылау жасау; құпия құжаттармен жұмыс жасау; аудан әкімі аппаратында жүргізілген ұйымдастыру жұмыстарының қорытындысын шығару; іс жүргізуді нақты ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарау, қызметтік құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар шағымдарының орындалу мерзімдеріне бақылауды ұйымдастыру;
Бөлім басшысы:
Джумакулова Алия КондыбаевнаТелефон:
8 (7132) 41-73-76Электрондық пошта:
a.dzhumakulova@aktobe,gov.kz