Жалпы ақпарат

Таженов Нуржан Надирханович
Таженов Нуржан Надирханович

Бесқоспа ауылдық округінің әкімі

Әкімдік туралы

Бесқоспа ауылдық округі-Ақтөбе облысы Алға ауданындағы әкімшілік бірлік.

Бұрын ауылдық округтің құрамына қазір жойылған елді мекендер — Темрей ауылы мен Табантал ауылы кірді. Халық санының аздығына байланысты ауыл статусын жоғалтты.

1989 жылғы жағдай бойынша Максим Горький атындағы селолық кеңес деп аталды.

Бесқоспа ауылдық округінің құрамына 2 ауыл кіреді: Есет батыр Көкіұлы, Қызылту

Округтің әкімшілік орталығы-Есет батыр Көкіұлы ауылы.  Ауыл ауданның шығысында орналасқан. Тамды, Тоқмансай және Бестамақ ауылдық округтерімен, сондай-ақ Алға қаласының аумағымен шектеседі.  Округтің 1687 тұрғыны бар (2025 жылдың 1 қаңтарына).

"Бесқоспа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы округ әкімі мен әкімдігі қызметінің сапалы және уақтылы ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты