Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы Әйтеке би ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданының
ауылдық округтерінің әкімдерін
сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Әйтеке би ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы С.М.Таласбаев
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы С.А.Рампеилов
№20
04.06.2025 ж.
10
04 маусым 2025 13:28
04 маусым 2025