Жалпы ақпарат

ауылдық округ бойынша

Әйке ауылдық округінің жер көлемі – 254 275 га, оның ішінде 108 043 га ауылшаруашылығына пайдаланылады. Әйке ауылдық округінің орталығы – Әйке ауылы, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Ақтөбе қаласынан 430 км, Әйтеке би ауданының орталығы Т.Жүргенов ауылынан 120 км қашықтықта орналасқан. Әйке ауылдық округі Әйке, Тереңсай екі елді мекеннен құрылған. Жалпы тұрғын үй саны - 333 үй. (Әйке - 178 аула, Тереңсай - 155 аула). Ауылдық округте қазіргі кезде 2024 жылғы 1 қаңтарға жүргізілген санақ бойынша адам саны, барлығы 1687, оның ішінде: Әйке – 923, Тереңсай – 764  адам. Негізгі шаруашылық бағыты – егін және мал шаруашылығы, яғни өз-өзін жұмыспен қамтушылар. Сонымен қатар табыс көзінің басты көздеріне – Хромтау-Шолақсай бағытындағы округ территориясынан өтіп жатқан теміржол торабын жатқызуға болады. Экономикалық белсенді халық күшінің басым бөлігі теміржол саласында қызмет атқарады. Сонымен қоса Әйке шекара бекетін, Әйке өрт сөндіру бекетін, тұрақты түрде жұмыс жасап тұрған әлеуметтік мекемелер – екі мектеп, екі балабақша, екі ауылдық клуб, екі кітапхананы да атап өтуге болады.

«Әйке ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де қазіргі таңда ауылдық округ әкімі және 3 маман, 1 әлеуметтік қызметкер, 1 кіші қызметкер, 3 от жағушы және 1 жүргізуші жұмыс жасайды.

Ережені жүктеу

Қызмет бағыты