«Торпедо» хоккейшілері Қазақстан чемпионатында екінші орын алды

«Торпедо»  хоккейшілері Қазақстан чемпионатында екінші орын алды

Шығыс Қазақстанның «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан чемпионаты аясында «Ақтөбе» командасын 4:2 есебімен жеңіп, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.

Хоккейшілер Михаил Рахманов, Саян Данияр, Диас Гусейнов және Данил Бутенко команданың еншісіне бір-бір шайбадан қосты.

Қазіргі уақытта «Торпедоның» еншісінде 38 ұпай бар. Команда Қазақстан чемпионатының турнир кестесінде екінші орында келеді.

«Торпедо» хоккей клубының ойыншыларын және жаттықтырушылар құрамын жеңісімен құттықтаймыз!

Қызмет бағыты