Спорт

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Мемлекет басшысы атап өткендей – «Денсаулық кепілі – бұл дене шынықтыру».

Бұқаралық спорт саласында ел халқын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылданумен қамтуды ұлғайту басым бағыт болып табылады.

2025 жылғы жұмыс қорытындысы  және 2026 жылға арналған жоспар

2025 жылға арналған жоспар

2024 жылғы жұмыс қорытындысы

2024 жылға арналған жоспар

2023 жылғы жұмыс қорытындысы

 

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Спортшыны тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты басқа облысқа ауыстыруға болмайды, себебі бұл негіз қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 240 бұйрығымен бекітілген «Спорттық резервті даярлау, спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының» 25-тармағына сәйкес, спортшының бір спорт ұйымынан екіншісіне ауысуы тек келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

1. Әскери қызметке шақырылуына байланысты;

2. Білім беру ұйымының күндізгі бөлімінде оқуына байланысты;

3. Спорттық қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;

4. Тараптардың келісімі бойынша спорттық қызмет туралы шарттың мерзімінен бұрын бұзылуы кезінде.

Осылайша, спортшының тұрғылықты жерін өзгертуі оны басқа облысқа ауыстыруға заңды негіз болып табылмайды.

Мысал:

Егер спортшы отбасылық жағдайына байланысты Шығыс Қазақстан облысынан Астана қаласына қоныс аударса, ол автоматты түрде Астана қаласының спорт ұйымына ауыстырылмайды. Ауысу үшін жоғарыда аталған ресми негіздердің бірі болуы қажет.