2025 жылғы 26 қазанда өткен Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда №8, №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 24538 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 15259 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 21 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 6.
- №8, №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлаудың келесі қорытындылары белгіленді:
№8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Марат Буромбайұлы Истимесов үшін 1128 сайлаушы дауыс берді;
Саят Ермекұлы Кәрібаев үшін 1690 сайлаушы дауыс берді;
Ербол Уәлиұлы Төлеуов үшін 5328 сайлаушы дауыс берді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 188.
№ 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Қуанышбек Бұланұлы Аданов үшін 3895 сайлаушы дауыс берді;
Заңғар Мадиярұлы Серіков үшін 886 сайлаушы дауыс берді;
Ертай Лерикұлы Төлегенов үшін 1921 сайлаушы дауысы берді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 177.
- Сайлау қорытындысы бойынша Қарағанды қалалық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды:
№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Төлеуов Ербол Уәлиұлы, 1969 жылы туған, "Қарағанды Су" ЖШС бас директоры, Қарағанды қ.;
№ 14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Аданов Қуанышбек Бұланұлы, 1979 жылы туған, «BOLASHAQ» академиясы» ЖМ ректоры, Қарағанды қ.
Қарағанды қаласының аумақтық сайлау комиссиясы
175
28 қазан 2025 14:10
28 қазан 2025