Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Сұрақ-жауап
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көру«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 3-тармағына сәйкес, есепте тұрған азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарды, көп балалы отбасыларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай алуға осы тізімдерге енгізілгендер
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй беру бүгінгі күні жергілікті атқарушы орган «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сияқты операторлармен бірге мемлекеттік бағдарламалар негізінде халыққа, оның ішінде тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар үшін тұрғын үйді өткізуді қамтамасыз етеді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысу ұсынылады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мәселесі бойынша толық ақпаратты Сіз «Қарағанды қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ басшысы А. С. Алдабергеновтан жеке қабылдауда ала аласыз.
Қарағанды қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес іс-әрекетке қабілетсіз адамның қамқоршысы орнатылды .
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қамқоршының міндеттері:
1) қорғаншылар мен қамқоршылар өздерінің қамқорлығына алынғандарды күтіп-бағу, олардың күтімі мен емделуін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы қамқорлық жасауға міндетті.
2)қорғаншы қорғаншы және қамқоршы органға қамқорлыққа алынушының денсаулық жағдайы туралы, сондай-ақ оның мүлкін басқару жөнінде жылына кемінде бір рет есеп беруге міндетті.
3) қорғаншылар мен қамқоршылар қорғаншы және қамқоршы органдарға тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарлауға міндетті.
4) Қорғаншының немесе қамқоршының өз міндеттерін тиісінше орындамауына, оның ішінде қорғаншылықты немесе қамқоршылықты пайдакүнемдік мақсаттарда пайдалануына не қамқорлыққа алынушыны қадағалаусыз және қажетті көмексіз қалдыруға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 қаулысымен бекітілген «Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес ұйымның таратылуына байланысты капиталдандырылған төлемдерді алған Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді мемлекеттің жүзеге асыруы жөніндегі норма белгіленген – қызметкердің денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапты заңды тұлға, соңғы 70 жасқа толғаннан кейін.
Толығырақ ақпаратты Сіз «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалынан, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінен (Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 73) ала аласыз.
Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес жүзеге асырылады.
2020 жылдан бастап әлеуметтік қызметтер порталы енгізілді. Портал мүгедектігі бар адамдарға гигиеналық, тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдарды және санаторий-курорттық емдеу, оңалту қызметтерін тікелей жеткізушілерден өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе. Ағымдағы жылдан бастап санаторий-курорттық емделуге жолдаманы әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өтініш берушінің өзі таңдайды.
Әлеуметтік қызметтер порталында тіркелу мақсатында барлық мүгедек адамдарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) шығару қажет.
Бұл қызметті электрондық үкіметтің ресми сайтынан онлайн алуға болады egov.kz, анықтама телефоны 14-14 немесе «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мекен-жайы: Поспелов көшесі, 16. Анықтама телефоны 30-02-33, 30-00-81, 30-01-69.
Ауланы абаттандыруға қалай өтініш беруге болады?
Аула аумағын абаттандыру үшін «Халық қатысатын Бюджет» (ХҚБ) бағдарламасына қатысу қажет.
Халық қатысатын бюджет – бұл азаматтарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды ұсынуға және таңдауға мүмкіндік беретін механизм.
Абаттандыру түрлері:
- Орындықтарды, урналарды, жарықтандыруды орнату;
- Балалар және спорт алаңдары;
- Аулаларды көгалдандыру;
- Тротуарлар мен гүлзарларды жөндеу;
- Шағын архитектуралық нысандар (шатырлар, қоршаулар және т.б.).
Жобалық ұсыныс критерийлері:
- Нысан жалпы пайдалану үшін болуы керек – барлық тұрғындарға қол жетімді;
- Нысан аудан аумағында болуы керек;
- Ұсыныс аудан тұрғындары үшін өзекті болуы керек;
- Іске асыру бір қаржы жылы ішінде жүзеге асырылады.
«Халық қатысатын бюджеті» шеңберінде жобаны іске асыру кезеңдері.
Аудан әкімдерінің «Халық қатысатын Бюджет» сервисіндегі парақшасында:
- өтінімді толтыру (жобаның атауы, оның сипаттамасы, мекен-жайы/орналасқан жері);
- фотосуретті тіркеу (жобалық ұсыныстың эскизі, сызбасы және сметасы);
- жоба сараптамадан өтеді-критерийлерге сәйкестігі тексеріледі;
- онлайн-дауыс беру өтеді-тұрғындар қатысады;
- жеңімпаз жобалар жоспарға енгізіліп, бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
Аула аумағын абаттандыру үшін «Халық қатысатын Бюджет» (ХҚБ) бағдарламасына қатысу қажет.
Халық қатысатын бюджет – бұл азаматтарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды ұсынуға және таңдауға мүмкіндік беретін механизм.