Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

ШЕШІМ

№ 21

2022ж. 30 желтоқсан

 

 

Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Қарағанды қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 19 «Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 30 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.

2 Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін шешім Қарағанды қалалық мәслихатына жіберілсін.

  1. Осы шешім БАҚ-да орналастырылсын.

 

 

Қарағанды қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы                                     Д. Малдыбаев

 

Қарағанды қалалық

сайлау комиссиясының хатшысы                                    М. Амирова

 

Жарияланған күні

30 желтоқсан 2022 16:28

Жаңарту күні

30 желтоқсан 2022

Түрі