Туризм

Туризм

Туризм

Қарағанды қаласында туризм саласы негізінен орналастыру объектілерімен және қоғамдық тамақтануды (мейрамханалар) ұйымдастыратын кәсіпорындармен ұсынылады.

2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша туризм саласында келесі көрсеткіштер қалыптасты:

- Қарағанды қаласында орналастыру орындарының саны 78 бірлікті құрады немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 бірлікке ұлғайды (77 бірлік).

- нөмірлік қордың жалпы саны 1315 құрайды немесе 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 80 бірлікке азайды (1395).

Сондай – ақ, орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2,9% - ға (2020-26 119) өскені байқалады және 26 907 адамды құрайды.

Өз кезегінде қызмет көрсетілген резиденттер мен резидент еместер саны 7,1% – ға артып, 23 299-ды құрады (2020 жылдың 4 айында-21 634 адам).

2021 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтер көлемі 5,152 млн.теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,2% (4,520 млн. теңге) артты.

Жалпы туризм саласын дамыту үшін қала кәсіпкерлерін бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарын қолдануға тарту жұмыстары жалғасуда.

2010 жылдың басынан бастап кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бос уақытты ұйымдастырудың 18 жобасына қолдау көрсетілді-банктердің 2 млрд.940 млн. теңгеден астам сомаға кредиттері субсидияланды.

Туризм саласында жаңа нысандардың ашылуына мониторинг бойынша жұмыс жалғасуда.

2022 жылы қалада 3 нысанның ашылуы өтті, оның ішінде жалпы сомасы 500 млн.теңге және 43 жұмыс орнын құрумен.