Жолаушылар көлігі

Қазіргі уақытта қалада жолаушылар тасымалы саласында 7 автобус паркі жұмыс істейді.
Қаланың орналасқан жерін ескере отырып, күн сайын 240-250 мыңға жуық сапар (жылына 83 млн.) жасалатын 45 қалалық және 8 қала маңындағы маршруттардың қозғалысы ұйымдастырылды.
Күн сайын желіге 400-ге жуық автобус шығады.
Жолаушылар көлігі саласында 2023 жылы жолаушыларды қауіпсіз және жайлы тасымалдаудың барлық заманауи талаптарына сәйкес келетін жергілікті өндірістегі 146 жаңа автобус сатып алу бойынша жұмыс жүргізілді, бұл жаңа автобустардың үлесін 80% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді.
2021 жылдың желтоқсанында ONAY компаниясы жүзеге асыратын жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі ресми түрде іске қосылды.
Бүгінгі таңда 430 мыңнан астам көлік картасы сатылды, ал қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 97% - ға дейін өсті.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 05 наурыз 2024Талдамалық мақалаЖолаушылар көлігі
Медиагалерея
Бағыт бойынша барлық медиагалерея
0103 қазан 2022"Мемлекеттік қызметшінің өміріндегі бір күн"

