Құрылым
Қаржы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы және материалдық - техникалық қамтамасыз ету бөлімі Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай – ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім басшысы:
Каленова Нурсулу РахимбердиевнаТелефон:
+7 (72533) 5-83-70Электрондық пошта:
n.kalenova@adilet.gov.kzНормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі
Нормативтік құқықтық актілер жобаларына заң сараптамасын жүргізу, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін қағаз түрінде жүргізу
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі
Заңды тұлғалардың, олардың өкілдіктері мен филиалдарын тіркеу мәселелері бойынша кеңес беру, тіркеу және таратылуын тіркеу бұйрықтарын тексеріп, оларды департамент басшылығына қарауына жолдау; іс қағаздарының дұрыс жүргізілуін бақылау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді анықтап, түзелген хаттамаларды соттарға жолдап, олардың қарау барысын қадағалау.
Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Бөлім басшысы:
Пирметов Аңсар УмаровичТелефон:
+7 (72533) 5-83-36Электрондық пошта:
a.pirmetov@adilet.gov.kzҚұқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Құқықтық түсіндіру жұмыстарының сапалы және уақытылы жүргізілуін қадағалауды, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысатын тұлғаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді, жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығының сақталуына профилактикалық бақылау жүзеге асыруды, адвокаттық және нотариаттық қызметке үміткерлерді аттестаттау жүргізуді, азаматтардың және заңды тұлғалардың адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының іс-әрекеттерiне қатысты өтiнiштерiн қарауды, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде жекеше нотариустардың мекен-жайлары бойынша өзгерістер енгізуді, Министрліктің және Әділет департаментінің веб-сайттарына ақпарат дайындау және жіберу жұмыстарын жүргізеді
Бөлім басшысы:
Ербекешов Нурлан ХусанұлыТелефон:
+7 (72533) 5-83-54Электрондық пошта:
n.erbekeshov@adilet.gov.kzЗияткерлік меншік құқығы бөлім
Зияткерлік меншік құқығы бөлім Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР заңдарына, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы ережелерге сәйкес жүргізеді.
Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі
Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті туралы ережені, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" РММ туралы ережені, өзге де нормативтік актілермен реттеледі.
Бөлім басшысы:
Тоқсабаев Жігер ӘшірбайұлыТелефон:
+7 (72533) 5-83-87Электрондық пошта:
zh.toksabaev@adilet.gov.kzӘкімшілік бөлімі
Әкімшілік бөлім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлім басшысы:
Ахтанов Марат АденовичТелефон:
8/72533/5-83-53Электрондық пошта:
m.akhtanov@adilet.gov.kz