Жиі қойылатын сұрақтар
Нотариалдық қызмет - бұл «Нотариат туралы» Заңда және ҚР өзге заңнамалық актілерінде көзделген нотариалдық әрекеттерді нотариустың жасауы. Нотариат, өз кезегінде нотариалдық әрекеттерді жасау жолымен заңды тұлғалардың және азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін білікті заңдық көмекті көрсету бойынша құқықтық институт.
Қазақстанда мынадай азаматтар нотариус бола алады:
- 25 жасқа толған;
- жоғары заңдық білімі бар;
- 2 жылдан кем емес заңдық мамандық бойынша жұмыс өтілі бар;
- Нотариуста 1 жылдан кем емес мерзімде тағылымдамадан өткен;
- әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен;
- нотариаттық қызметпен айналысу құқығын алғандар.
Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде немесе оны қолданысқа енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе мерзiмсiз қолданылады.
"Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы, 5-тармағына сәйкес үш және одан да көп нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде жекелеген қосымшамен ресімделетін тізбе жасалады.
Өкінішке орай, ұқсас жағдайлар жиі кездеседі. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжат толық немесе ішінара орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық құжаттың борышкері оны мәжбүрлеп орындатуға бергенге дейін орындаған жағдайда өндіріп алынбайды.
Өкінішке орай, ұқсас жағдайлар жиі кездеседі. Бұл жерде айтатыным борышкерге жұмысқа тұруға көмек берілуі мүмкін.Борышкер алимент төлеуден жалтарған жағдайда, оған қатысты Қазақстан Республикасының шекарасынан шығуға уақытша тыйым салу, арнайы құқықтар мен рұқсаттар, оның ішінде жол жүру куәлігінің қолданылуын уақытша тоқтата тұру сияқты мәжбүрлеу шаралары қабылдануы мүмкін.
Жеке сот орындаушысы іс жүргізу тұлғасы болып табылады, ол өзінің шығарған қаулының күшін өзі жоя алады. Сонымен қатар, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР Заңының 127-бабына сәйкес Сіз сотқа шағымдануға құқығыныз бар.
Егер сіз бағдарлама, мобильді қосымша, курс, техника, дизайн, сценарий сияқты жұмыс жасасаңыз, авторлық құқықты тіркей аласыз.
Егер сіз композиция, әдіс, технология, өнім, орнату, орау сияқты жұмыс жасасаңыз, сіз патентті тіркей аласыз.
Авторлық құқық идеяны емес, оны жүзеге асыру формасын қорғайды, ал Патенттік құқық идеяның техникалық іске асырылуын, әрекет ету принципін, нәтижеге жету жолын қорғайды.
Тауар таңбасын тіркеуге өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген.
1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.
2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:
1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.
Өтінiмге:
1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;
2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;
3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.
Тауар таңбасын тіркеу үшін өтінімді ресімдеу және оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтына беру қажет.
Тауар таңбасын тіркеуге қойылатын талаптар Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы Заңның 9-бабында тізбеленген (бұдан әрі - Заң).
Өтінімге сараптаманы ҰЗМИ РМК кезең-кезеңмен жүргізеді: алдын ала сараптама және толық сараптама (сараптама жасау мерзімдері Заңның 11-бабында белгіленген).
Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес алдын ала сараптама нәтижесі бойынша өтінім берушіге дәлелді қорытынды түрінде өтінімді қабылдау не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарланады.
Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес толық сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті орган (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі) тауар таңбасын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тіркеу фактісін Тауар таңбаларының мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме растайды (Заңның 14-бабының 2-тармағы).
Заңның 45-тармағына сәйкес Уәкiлеттi орган (Әділет министрлігі) қорғау құжатын беру жөнiндегі әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
Тауар таңбасын тіркеуге байланысты заңды маңызы бар әрекеттерді жасаған үшін төлем ҚР ӘМ "ҰЗМИ "РМК директорының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 254 нқ бұйрығымен бекітілген «Қазақcтан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық құқығындағы республикалык мемлекеттік кәсіпорын іске асыратын жұмыстар мен қызметтерге бағалармен» белгіленеді.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заңның нормаларымен бекітілген кестеге сәйкес ақы төлеу (өтеу) жүргізілетін қолданыстағы (өтелмеген) кредиттер болған кезде шекарадан өту бойынша қандай да бір ұйымдастырулар регламенттелмеген.
Шетелге шығуға шектеулер тек қана берешек болған және қарыз өтелмеген жағдайда атқарушылық іс жүргізу бойынша ғана қойылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет ресурсында сіз қозғалған өндірістердің болуы туралы мәліметтерді, сондай-ақ шығуға тыйым салудың бар-жоғын тексере аласыз. aisoip.adilet.gov.kz).