Құрылым
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі
«Қаржылық және матераилдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі» «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесініңқұрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім құрылымы, штат саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Бөлімнің негiзгi мiндеттерi мен функциялары:
- Бөлімнің мiндеттерi:
1) өткізілген операция құжаттарын рәсімдеуде уақтылы есебін жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру;
2) енгізілген өзгерістерді қоса есептегенде бюджет бойынша бекітілген шығыс сметасына сәйкес, қаражатты дұрыс, орынды, мақсатты және үнемді жұмсауды бақылау;
3) айналым қаражатындағы кейбір құралдарды, материалдарды есептен шығаруды, негізгі құралдарды уақтылы кіріске алу үшін толық есебін жүргізуді және бақылауды қамтамасыз ету.
- Бөлімнің функциялары:
1) бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүргізу;
2) бухгалтерлік құжаттарды дұрыс және уақтылы рәсімдеу;
3) заманауи техникалық құралдарды және ақпараттық жүйені енгізу;
4) бюджеттік қаражаттарды уақытылы, мақсатты және дұрыс игеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып-алуды жүргізу;
6) қызметкерге және техникалық қызмет көрсететін жұмысшыларға жалақыларын және жәрдемақыларын уақтылы есептеу және төлеу;
7) бухгалтерлік және статистикалық есепті белгіленген мерзімге ұсыну;
8) белгіленген мерзімде материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізу;
9) терроризм актісінің салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларға және оның жолын кесуге қатысқан адамдарға өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде қажетті құжаттарды беруде тегін қажетті құқықтық көмекті ұйымдастыру;
10) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.
Бөлім басшысы:
Шакенова Майя ЕрсайновнаТелефон:
8(7112) 51-35-45, 50-88-35Құқықты түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті (бұдан әрі – бөлім) Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің (бұдан әрі - департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Бөлімнің міндеттері:
- құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
Бөлім өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратып алуға;
2) заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшілiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды және iстердi қарайды, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариустардың және заң консультанттары палаталарының қызметіне бақылау жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық қызметтерді көрсетуге;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Департаменттің функциялары:
1) тағылымдамадан өткен және нотариаттық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу;
2) нотариаттық округте нотариустар уақытша болмаған кезде Нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастыру;
3) нотариат мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқамалық және түсіндіру материалдарымен қамтамасыз ету;
4) Министрлікке нотариус лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оның күшін тоқтату туралы ұсыну енгізу;
5) Нотариаттық палатамен бірлесіп тиісті нотариаттық округте өз қызметін тоқтатқан нотариустың мөрін жою және құжаттарын басқа нотариусқа немесе жеке нотариаттық мұрағатқа беру жөнінде, сондай-ақ егер нотариус лицензиясының қолданылуы тоқтатылған жағдайда оны лицензиарға беру үшін лицензияны алып қою жөнінде шаралар қабылдау;
6) жеке нотариусты жауапкершілікке тарту туралы нотариаттық палатаға ұсыным енгізу;
7) жекеше нотариустардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының талаптарын сақтауын бақылауды ұйымдастыру және өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаудан жалтарған және жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарын бұзатын жекеше нотариустарға шаралар қолдану;
8) жеке практикамен айналысатын нотариустар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және іс жүргізу қағидалары бойынша жасаған заңдылығын бақылауды жүзеге асыру;
9) жеке және заңды тұлғаларға адвокаттар, нотариустар және заң консультанттары көрсететін заң қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
10) Министрлікке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы ұсыным енгізу және адвокаттың лицензиясынан айыру туралы талап қоюға бастамашылық жасау жөнінде ұсыным енгізу;
11) нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты сақтауын қамтамасыз ету;
12) нотариустың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
13) аумақтық нотариаттық палаталардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
14) Министрлікке аумақтық нотариаттық палатамен бірлесіп нотариаттық округ бойынша нотариустардың ең аз санын бекіту туралы ұсыныс енгізу;
15) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету субъектілерінің қызметін үйлестіру, сондай-ақ көрсетілетін заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
16) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы халықты құқықтық ағартуды және құқықтық хабардар етуді қамтамасыз ету;
17) 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенциялар шеңберінде құқықтық көмекті ұйымдастыру;
18) мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың және заң консультанттарының тізімін өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
19) құқықтық насихатты үйлестіруді жүзеге асыру, заңнаманы түсіндіруге қатысу;
20) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, олардағы сыни ескертулерді жалпылау, жұмысты жақсарту және Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын тудыратын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеу.
Бөлім басшысы:
Нуржанова Гульдана БурамбаевнаТелефон:
8(7112)51-35-45, 50-93-71Әкімшілік бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімі департаменттің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Бөлімнің негiзгi мiндеттерi :
1) Департаменттің кадр қызметін қамтамасыз ету;
2) Қызметтік және атқарушылық тәртіп деңгейін көтеру;
4) Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу;
5) Департаменттегі ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
6) ҚР Әділет Министрлігінің, Департаменттің бұйрықтарын, жоспарлы шараларын және нұсқауларын және басқа да құжаттарын орындауды бақылау;
7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру жай-күйін зерделеу және кешенді тексерістерді ұйымдастыру, талдау жүргізу.
8) Департамент қызметінде мемлекеттік тілді дамытуды жүргізу;
9) Департамент кеңсесінің қызметін қамтамасыз ету мәселелері кіреді.
Бөлімнің функциялары:
1)бос әкімшілік мемлекеттік қызметке орналастыруға конкурс өткізуді ұйымдастырады;
2)Департаменттің тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
3)Департаменттің номенклатурасына кіретін кадрдар қозғалысы мен құрамы туралы есебін жүргізеді;
4) мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жеқорлықты алдын алуғы бағытталған профиктикалық шараларды жүзеге асыру;
5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;
6) «Е – кызмет» ақпараттык жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды уақытылы енгізу;
7)Департамент қызметінің негізгі бағыттарын жасау және іске асыру, Департаменттің жылдық, алдағы және ағымдағы жоспарларын қалыптастыру;
8) Департамент аппаратында және ведомстволық бағынысты органдарындағы орындаушылық тәртіптің жағдайын талдау және бақылау;
9) Департамент басшылығы өткізетін алқа мәжілісін, кеңесін, кездесулерін ұйымдастыру және хаттамаларын жүргізу;
10) азаматтық қорғанысты, өрт қауіпсіздігін, салтанатты және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру.
11) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы айлық, тоқсандық есептерді жасау және қатысты мемлекеттік органдарға жолдау;
12) Департаменттің барлық бағыттары бойынша талдау жасау;
13) Құқық қоғау органдарының іс-шаралар жоспарларының, хаттамаларының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
14) мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты ұйымдастыру және тоқсан сайын терминологиялық секция отырысын ұйымдастыру және секцияда қаралған терминдерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдау;
15) Департаменттің кіріс және шығыс корреспонденцияларын оның ішінде бақылаудағы тапсырмаларын есепке алады, тіркейді, жөнелтеді;
16) құжат айналымына талдау жасайды, Департамент мұрағатын жүргізеді;
17) Департаменттің бөлімдерінде, сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімдерінде, әділет басқармаларында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының » сақталуын тексереді.
18) Департаментке азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен жазбаша өтініштерін тіркейді және есепке алады;
19) Департамент басшылығының азаматтарды қабылдауын қамтамасыз етеді, келіп түскен өтініштердің сипатын талдайды және қорытып жинақтайды;
Бөлім басшысы:
Ибрагимова Саягуль НурлановнаТелефон:
51-35-45Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі
Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Әділет органдары туралы» Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Министрдің актілерін, Министрліктің регламентін басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенмемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасыбекітеді.
Бөлімнің міндеттері:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру.
Бөлімнің функциялары:
- коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеу, сондай-ақ Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргiзу;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы мемлекеттiк реттеудi және бақылауды жүзеге асыру;
- коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеусаласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;
- азаматтық хал актілерін тіркеуді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- әдiлет органдарынан және өзге де мемлекеттiк органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Бөлім басшысы:
Ибрагимова Саягуль НурлановнаТелефон:
51-35-45Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі
Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімі (одан әрі - Бөлім) Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып саналады.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі /ерекше бөлімі/ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативті-құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» заңына сәйкес жүзеге асырады.
Бөлімнің міндеттері
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бағытында ұсыныстар дайындау;
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында құқықтық насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Бөлімнің функциялары
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында нормативті құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтар мен ұйымдарға кеңес беру;
Ауданаралық әділет басқармаларының зияткерлік меншік құқығын қорғауы жөніндегі жұмыстарын тексеру және жеке және заңды тұлғалар қызметтеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнамаларды сақтауы үшін тексерулер өткізу.
Өз құзіреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады;
Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Бөлім басшысы:
Михайлова София БаязитовнаТелефон:
8(7112)51-35-45, 50-50-95Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі
«Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі» «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
Бөлімнің функциялары:
- 1) Тағылымдамадан өткен және жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды тестілеу және аттестаттаудан өткізу мемлекеттік қызметті көрсету;
2) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
3) тәртіптік комиссияға жеке және мемлекеттік сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыныс енгізеді;
4) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен бірлесе отырып жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық іс-әрекеттерінің заңдылығына және олардың іс қағаздарды жүргізу ережелерін сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
5) атқарушылық өндіріс бойынша құқықтық насихатты ұйымдастыру, заңнамалық түсіндіруге қатысу;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.
7) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсынысты Министрлікке енгізеді.
Бөлім басшысы:
Хакимова Асель МуратовнаТелефон:
8(7112) 51-35-45, 50-03-55Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі
Бөлімнің мiндеттерi:
1) облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, әкімдердің және тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеулуін жүргізу;
2) нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарында мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық және заңнамалық актілерін насихаттау;
3) облыстың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, әкімдердің және тексеру комиссиясының нормативтік құқықтық актілерінің қабылдануын, мемлекеттік тіркелуін және жариялануының заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
4) нормативтік құқықтық актілердің ҚР заңдарына сәйкестігіне және мемлекеттік тіркеуден өткізу қажеттілігіне заң сараптамасын жүргізу;
5) нормативтік құқықтық актілердің жариялануы мен мемлекеттік тіркелуі мәселелері бойынша Батыс қазақстан облысы Әділет департаментінің заңды құықтары мен мүдделерін құқықтық қорғау.
- Бөлімнің функциялары:
1) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, әкімдердің және тексеру комиссияның нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және жариялау мәселелері бойынша заңдылықтарды қолдану тәжірибесіне талдау және қорыту жасайды;
2) қорытулардың нәтижелерін және жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысының қарауына енгізеді;
3) нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу және жариялау мәселелері бойынша Бөлімнің жұмыстары туралы қорытуларды, ақпараттарды талдайды және өзге де материалдарды жинақтайды;
4) тиісті мәселелерді отырыста қарауға ұсынады, құқықтық жұмысты жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою туралы шаралар алу жөнінде басшылыққа баяндайды;
5) нормативтік құқықтық актілердің шығарылуын, қолданылуын, мемлекеттік тіркелуін және жариялануын реттейтін заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде мемлекеттік органдармен, оның ішінде құықық қорғау органдарының өзара байланысын қамтамасыз етеді;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау.