Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

   

 Тауар таңбасын тіркеу үшін "ҰЗМИ" РМК-ға тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына арналған өтінімдерге сараптама жүргізу Ережесінің 3-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі N 456 "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Заңының 11 бабына сәйкес өтінімге сараптама кезең-кезеңмен жүргізіледі:

  • алдын ала сараптама-өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;
  • толық сараптама – өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде. "ҰЗМИ" РМК көрсететін жұмыстар мен қызметтердің бағаларымен сіз сайтта таныса аласыз: www.kazpatent.kz, "біз туралы" бөлімінде (бұдан әрі - тарифтер).

 

Қосымша ақпарат алу үшін "ҰЗМИ" РМК байланыс орталығына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 62-15-91, 62-15-15, 62-15-16 немесе мына мекен-жай бойынша: Нұр-сұлтан Қ., Менгілік Эл даңғылы, 57а.