Сұрақ: Егер борышкердің банкроттығы туралы іс бойынша өндіріс қозғалған жағдайда, борышкердің мүлкін өткізу тоқтатылады ма?

Жауап: ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңының 47 бабы 3 тармағы бойынша, егер тыйым салынған мүлікті өткізу туралы шешім қабылдау кезінде борышкердің банкроттығы туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалатын болса, онда мүлікті өткізу аталған мәселе мәні бойынша қаралғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Жарияланған күні

19 қараша 2020

Жаңарту күні

19 қараша 2020