Артқа

Раскалиев Булат Жарасович

Басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілетті

Жалпы ақпарат, білімі

1988 жылдың 23 мамырында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген. 2005 жылы Қандыағаш қаласының №2 орта мектебін бітірген. 2009 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2017 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Отбасылы, тәрбиесінде үш баласы бар.

Мансап

Өзінің еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімінің жетекші маманы лауазымынан бастаған. 2014 жылдың қазан айы мен қараша  айы  аралығында Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының бас маманы, 2014 жылдың қараша айынан 2018 жылдың тамыз айы аралығында Ақтөбе қаласының Әділет басқармасы басшысының орынбасары, 2018 жылдың тамыз айынан 2020 жылдың қаңтар  айы аралығында Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әділет басқармасының басшысы, 2020 жылдың қаңтар айынан қараша аралығында атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымдарында қызмет атқарған.

2020 жылдың 27 қарашасынан  бастап Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

«Әділет органдарының үздігі» төсбелгісімен;


ҚР Әділет министрінің,  Ақтөбе облысы Әділет департаменті басшысының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталған.

Жұмыс бағыттары